Айжұлдыз Адайбекова мен Сәкен Қағаров ресми түрде некелесті

  • AstanaTV
  • 18 сәуір 2025
Фото: aikyn.kz

Танымал әртіс әрі дизайнер Айжұлдыз Адайбекова мен экстрим-блогер Сәкен Қағаров некелесті. Енді екеуі заңды түрде ерлі-зайыпты атанды. Бұл туралы олар өз Instagram парақшасында жариялады, деп хабарлайды aikyn.kz.

"Жаңа қадамның басы" деп жазған парақшада ерлі-зайыптылар суреттері салынған.

Бұған дейін олар мешітте некесін қиған. Ол жайында ерлі-зайыпты жылдың басында қаңтар айында жария етті. Айта кетейік, Айжұлдызға блогер Исландиядағы сарқырамада тұрмысқа шығуға ұсыныс жасаған болатын.