Қызылжарда Заречный кентіне баратын жолды су басты

Қызылжарда Заречный кентіне баратын жолды  су басты. Екі апта бұрын Есіл өзенінің деңгейі көтеріліп, елдімекеннің бір жақ шетімен қатынас үзілген болатын. Осыған байланысты тұрғындар тек Мамлют трассасы арқылы жүрді. Кеше түнде су қауіпті деңгейге дейін ұлғайып, шағын ауданды бүтіндей оқшаулады. Төтенше жағдай мамандарының айтуынша, топан су үйлерге дейін әлі жеткен жоқ. Алайда, мыңнан астам саяжайды су басты.  

ДМИТРИЙ РАСТИХИН, СҚО ТЖД БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Заречный кентінің тұрғындары жаяу жүргіншілерге арналған шағын көпірмен және төтенше жағдай департаменті ұсынған арнайы техникамен қатынап жүр. Жеке үй тұрғындары әзірге көшірілген жоқ. Ал саяжай тұрғындары әу баста ескертілген болатын. Қазір эвакуациялық бекетте 2 адам тұрып жатыр.


ПАВЕЛ ФЕФЕЛОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:


Төтенше жағдай мамандарының көлігі кестеге сәйкес жүрмейді. Сондықтан біз жаяу жүруге мәжбүрміз. Күнде 3 шақырымнан жүремін. Мен саяжайда тұрамын. Су жақындап келеді. Үйіме дейін небары 20 см ғана қалды.