Бүгінгі саяси науқанда алғашқылардың бірі болып дауыс бергендер зейнеткерлер болды. Белсенділік танытқандардың қатарында Шымкенттегі қаттар үйінің тұрғындары да бар. №80 сайлау учаскесінің ашылуын тағатсыздана күткен зейнеткерлер өз таңдауын жасауға асыққандарын айтады. Бұл күннің маңызын жақсы түсінетін аға буынның көңілі көтеріңкі. Мерекедегідей жасанып алған барлығы. Алғашқылардың қатарында өз таңдауын жасағандардың бірі - 77 жастағы Бүркітбай Мамырбаев. Ақсақал бүгінгі күн қос мереке деп біледі.
Бүркітбай Мамырбаев, сайлаушы:
Сайлаудың Наурыз мейрамымен тұспа-тұс, қабат келгеніне біз қуаныштымыз. Біз осы дайындалып сайлауға қатысуға, өз дауымысызды бердік. Біздің дауысымыз маңызды деп есептейміз. Неге десеңіз, осы сайлау арқылы еліміздің саясаты қалыптасады.
Ғалымбек Сүгірәлиев, Шымкент қаласы № 80 сайлау учаскелік комиссиясының төрағасы:
№80 сайлау учаскесі өз жұмысын қарқынды жүргізіп жатыр. Аталарымыз бен апаларымыз жақсы, сайлауға белсенді қатысып жатыр. Сайлаушыларымыздың бір сағаттың ішінде 62-сі дауыс берді. Құдай қаласа, сағат 11-ге дейін біз бітіреміз деп отырмыз.
Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ