Русский Сайттың толық нұсқасы

АҚШ-та ұшақ құлап, 4 адам қаза тапты

  • AstanaTV
  • 21 сәуір 2025
  • 178

АҚШ-тың Иллинойс штатында шағын ұшақ апатқа ұшырап, 4 адам мерт болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

NBC телеарнасының хабарлауынша, алқапқа құлап, сынықтары тас жолға шашыраған әуе көлігінде 2 әйел мен 2 ер адам болған. Алдын ала ақпарат бойынша ұшақ электр желісін іліп әкеткен. Құзырлы орган мамандары қайғылы оқиға орнында тергеу жүргізіп жатыр.