Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркияның кей өңірлерінде жеміс ағаштарының 60 пайызын үсік шалған

  • AstanaTV
  • 22 сәуір 2025
  • 205

Түркияда өткен аптада күннің күрт суытуынан 34 облыста 16 түрлі өнімді үсік шалған.

Кей өңірлерде гүлдеп тұрған ағаштардың 10 пайызы үсіп кетсе, кей жерлерде бұл көрсеткіш 60 пайызға дейін жетеді.

Қазір әр шаруашылықтың шығыны нақты есептеліп, мемлекеттен көмек беру мәселесі қарастырылып жатыр.

Министрдің айтуынша, суыққа ұрынған өнімдердің барлығы дерлік жеміс-жидектер. Сондықтан биылғы жазда көкөніс тапшылығы болады деген пікірлер негізсіз, деп жазады qazaqstan.tv.

Естеріңізге салайық, өткен аптада Түркияда ауа температурасы минус 15 градусқа дейін төмендеп, соңғы 30 жылдағы ең суық ауа райы тіркелген болатын.

"Нақты шығындарды есептеу үшін тағы біршама уақыт қажет. Себебі кей өнімдер суыққа ұрынса да қайта гүлдеп, жеміс беруі мүмкін. Ауыл шаруашылығы сақтандыру полисі бар диқандардың шығындары бірден өтеледі. Ал сақтандыруы жоқ шаруашылықтардың егістікке жұмсаған нақты қаржылары ғана қайтарылады."

Ибраһим Юмаклы, Түркияның ауыл шаруашылығы және орман министрі