Ішкі істер министрлігі заңсыз ағаш кесу мен орман қорын жою фактілерін анықтау және тоқтату бойынша жүйелі түрде мақсатты іс-шаралар жүргізіп келеді. Абай облысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері өңірдің орман алқабын көгалдандыру мен қалпына келтіруге арналған қарағай көшеттерін ұрлау бойынша қылмыстық схеманы әшкереледі, - деп хабарлайды Polisia.kz.
- Қылмыстық топтың құрамына жергілікті тұрғындар мен "Семей орманы" мемлекеттік табиғи резерватының бұрынғы қызметкерлері кірген.Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде Павлодар облысында 38 жастағы ұйымдастырушы мен оның сыбайластары ұсталды. Олардың барлығы қамауға алынды.260 мыңнан астам көшет тәркіленді, олардың жалпы құны 500 миллион теңгеден асады, - деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.