Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан туристік саланы бірыңғай «TravelStan» цифрлық экожүйесіне біріктіреді

  • AstanaTV
  • 22 сәуір 2025
  • 452

Қазақстан туристік саланы бірыңғай «TravelStan» цифрлық экожүйесіне біріктіреді. Бұл стартап жоба «Қазақстандағы цифрлық туризм-2025» форумында талқыланды. «Бұл қосымша Қазақстанға саяхаттауға келген туристер үшін таптырмас шешім»- дейді мамандар.

Форумға 300-ден аса қатысушы келді. Олар   туристік саланы цифрландырудың негізгі мәселелері мен  инновацияларды дамыту перспективаларын талқылады.  30 инновациялық IT жоба ұсынылды. Бұл бойынша арнайы іріктеу өткізіліп, 10 перспективалық тревел-стартап жобаның авторы ақшалай сыйақыға ие болды.  

ЕРЖАН ЕРКІНБАЕВ, ҚР ТУРИЗМ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Біз мемлекет жағынан жаңа бастамамыз туралы айттық. Ол – «Travelstan» қосымшасы. Қазіргі уақытта туризм саласындағы көптеген ресурстрды біріктіретін, туризм саласының көптеген сервистерін біріктіретін бір қосымша. Оны жылдың аяғына дейін іске асыру жоспарланып жатыр.