Русский Сайттың толық нұсқасы

"Кітап оқыған ұрпақ озық ойлы болады",- Президент

  • 23 сәуір 2025
  • 212

Бүгін- Ұлттық кітап күні. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды атаулы күнмен құттықтады. Бұл туралы Президент кеңесшісі — Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді.  Былтыр Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Ұлттық кітап күнін белгілеу жөнінде тапсырма берген болатын. Соған сәйкес, биылдан бастап 23 сәуір — Ұлттық кітап күні болып белгіленді. Мемлекет басшысы өз құттықтауында Ұлттық кітап күні — білімпаздық, ізденімпаздық, кітапқұмарлық сияқты игі қасиеттерді дәріптейтін күн екенін атап өтті.  

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Биыл алғаш рет аталып жатқан Ұлттық кітап күні құтты болсын! Бұл — білімпаздық, ізденімпаздық, кітапқұмарлық сияқты игі қасиеттерді дәріптейтін күн. Кітап оқыған ұрпақ озық ойлы болады. Сапалы ұлт осындай құндылықтар арқылы қалыптасады.