Русский Сайттың толық нұсқасы

"Астана" арнасының тілшісі Назымгүл Күмісбаева "Астана туралы ең үздік материал" байқауында бірінші орын алды

  • AstanaTV
  • 28 маусым 2017
  • 2609

"Астана" арнасының журналистері тағы да үздіктер қатарынан көрінді. Астана әкімдігінің "Астана туралы ең үздік сюжет" байқауында тілшіміз Назымгүл Күмісбаева бірінші орынды иеленді.

Телеарнадағы үздік үш материалдың екеуі "Хабар 24" және "Еуразия" арнасының тілшілеріне бұйырды. Астана әкімдігі өткізген байқауда барлығы 9 жұмыс іріктелініп алынған. Телеарналардан өзге басылымдар мен ақпараттық агенттік журналистерінің де еңбегі ескерілді. "Казахстанская правда", "Астана ақшамы", "Егемен Қазақстан" газеті тілшілерінің материалдары үздік деп танылды. Ал интернет ресурстар ішінде "Тенгриньюс", "Биньюс", "Керек инфо" агенттігіктері тілшілерінің еңбектері еленді. Үздік материал иелеріне ноутбук сыйға тартылды.