Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда көп қабатты үйлердің қасынан шала туған шақалақтың денесі табылды

  • AstanaTV
  • 29 маусым 2017
  • 2477

Керекуде жаға ұстатар оқиға болды. Көп қабатты тұрғын үйдің ауласынан полиэтилен дорбасына салынған шақалақтың денесі табылды. Қазірде бұл жайтқа қатысты тергеу амалдары басталған. Полицейлер нәрестені белгісіз жағдайда дүниеге әкеліп, ізін суытқан әйелді іздеуге кірісті.

Әсемгүл Мұхитқызы, тілші:

Полицияның кезекші бөліміне таңғы 9-дар шамасында қоңырау түседі. Аула тазалаушы көп қабатты тұрғын үйлердің жанынан қан-жоса болған дорба тауып алғанын айтқан.

Ішін ақтарған ол шақалақтың өлі денесін тауып алған. Нәрестенің мәйіті салынған пакетті белгісіз адамдар подъездің дәл алдына қалдырып кеткен. Тұрғындардың пікірінше, бұл қатігездіктің белгісі. 

Енді ол қиын нәрсе, білмеймін енді. Сөз жоқ оған. Ату керек.

Біздің аулада бірнеше камера орналасқан. Сондықтан мұны істеген адам солардың біріне түсіп қалды деген сенімдеміз.

Бұқараның алаңдауына негіз бар. Пакет табылған жердің дәл қасында балалардың ойын алаңы тұр. Сондықтан мұнда таң ата бүлдіршіндер көп жүреді екен. Ал жағасын ұстаған көрші-қолаңның өз айтары бар.

Таких беременных в нашем доме не было, чтоб забеременела, и выкидыш был. Не было таких.

Алдын ала болжам бойынша, табылған ұрық 22-28 апталық қана. Жетілмеген шақалақ уақытынан бұрын туған немесе түсік болуы мүмкін. Бұл жайтқа қатысты тәртіп сақшылары сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастаған.

Баян Мағзұмова, Павлодар облыстық ІІД баспасөз хатшысы:

Адамның ұрығы болса, онда басқа баппен қылмыстық іс қозғалады. Егер де бұл 6-7 айлық бала болып, ол бала тірі туса, онда баланың анасы міндетті түрде жауапқа тартылады.

Әсемгүл Мұхитқызы, тілші:

Қазір сот-медициналық сараптама тағайындалған. Ішкі істер департаменті өкілдерінің сөзінше, процессуалдық шешім соның қорытындысына сәйкес қабылданбақ. Қазір шақалақтың анасы іздестіріліп жатыр. 

Әсемгүл Мұхитқызы