Алматыда автобус троллейбусқа соғылып, оннан астам адам зардап шекті

  • AstanaTV
  • 28 сәуір 2025

Алматыда автобус троллейбусқа соғылып, оннан астам адам зардап шекті. Оқиға Абай даңғылы мен Розыбакиев көшесінің қиылысында болған. №25 бағыттағы автобус аялдамада тұрған №19 троллейбусты соққан. Апат салдарынан 13 адам жарақат алды. Оқиғаның мән-жайын полиция анықтап жатыр. Зардап шеккендерге тиісті медициналық көмек көрсетілді.