Русский Сайттың толық нұсқасы

Қытайдың Ляоян қаласындағы өрттен 22 адам көз жұмды

  • AstanaTV
  • 29 сәуір 2025
  • 231

Жергілікті уақыт бойынша 29 сәуір күні сағат 12:25-те Қытайдың Ляоян қаласының Байтa ауданы Саньличжуан елді мекеніндегі дәмханардың бірінен өрт шыққан, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Global Times басылымының хабарлауынша, сағат 14:00-дегі мәлімет бойынша, өрт салдарынан 22 адам қаза тауып, 3 адам жарақат алған.

The Paper ақпараттық порталының хабарлауынша, ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Байтa ауданындағы өртке байланысты маңызды нұсқау беріп, жараланған адамдарға барынша медициналық көмек көрсету, қаза тапқандардың отбасына жан-жақты жәрдем беру және ірі апаттардың алдын алу үшін қатаң шаралар қабылдау қажеттігін атап өткен.