Русский Сайттың толық нұсқасы

Президент Жарлығымен Т.Қабдрахманов І дәрежелі «Достық» орденімен наградталды

  • AstanaTV
  • 30 сәуір 2025
  • 697

Мемлекет қайраткері, дипломатиялық қызмет ардагері Тілеухан Қабдрахманов І дәрежелі «Достық» орденімен наградталды, деп хабарлайды Astana TV.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын жүзеге асыруға, шет мемлекеттермен достық қарым-қатынастардың орнатылуы мен дамуына қосқан елеулі үлесі үшін мемлекет қайраткері, дипломатиялық қызмет ардагері Тілеухан Қабдрахманов І дәрежелі «Достық» орденімен наградталды, - деп жазылған Ақорда таратқан ақпаратта.