Қарағанды облысында жұмысшы мамандықтар форумы өтті

  • AstanaTV
  • 30 сәуір 2025

Қарағанды облысында жұмысшы мамандықтар форумы өтті. Онда кәсіпорындар колледж түлектерін жұмысқа алатын болып уағдаласты. Шахтинск технологиялық колледжінде өткен форумға оқушылар, студенттер, өңірдегі ірі кәсіпорындар мен төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері қатысты. Жастар болашақ жұмыс берушілерімен, еңбек жағдайымен танысты. Аталған оқу орны электриктер мен құтқарушыларды, электроника және газ саласына қажетті 13 мамандық түрін оқытады. Түлектер Қарағанды облысындағы ірі өнеркәсіп орындарында тәжірибеден өтіп, кейін сол кәсіпорындарға жұмысқа орналасады.

БЕКЗАТ АЛТЫНБЕКОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

«Amanat» партиясының Шахтинск қалалық филиалының ұйымдастыруымен өткен бұл жұмысшы мамандықтарының алаңы форумына бүгін міне өңірдегі барлық кәсіби техникалық білім беретін оқу орындары, кәсіпорын басшылары толығымен қатысты және мектеп оқушылары келіп, оларға қосымша кәсіби бағдар беру жұмысы атқарылды.


ӘЛИЯ СӘТТІБАЕВА, ШАХТИНСК ҚАЛАСЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Іс шара өте маңызды керек деп ойлаймын бүгінгі таңда. Ол біздің жастарымыздың жұмысқа деген көзқарасын өзгертеді. Ынтаны тәрбиелейді.