Лауазымды тұлғалар жүргізуші куәлігін 150 мыңнан 400 мың теңгеге дейін сатқан

  • AstanaTV
  • 02 мамыр 2025

Шымкентте лауазымды тұлғалар жүргізуші куәлігін сатқан. 500-ден астам адам емтихан тапсырмай-ақ  куәлікті заңсыз жолмен алған. Олардан теориялық және практикалық емтихандар талап етілмеген.  Бұл "қызметтің" құны 150 мыңнан 400 мың теңгеге дейін жеткен.  

ЕРНАР ТАЙЖАН, ҚР ҚМА РЕСМИ ӨКІЛІ:

Қазіргі таңда тергеу аясында 200 млн теңгеден астам сомаға бағаланған күдіктілердің мүлкіне - 2 жеке үй, 2 пәтер, 2 жер телімі және 10 автокөлікке тәркілеу мақсатында тыйым салынды.  Соттың санкциясымен 12 күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.