COVID-19 үрейі: Испанияда төрт жыл бойы балаларын қамап ұстаған отбасы анықталды

  • AstanaTV
  • 04 мамыр 2025

Испанияда ерлі-зайыптылар төрт жыл бойы үш баласын коронавирус жұқтырып алады деген қорқынышпен үйінен шығармай қамауда ұстаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Daily Mail порталы жазады. Осындай әрекетке барған ата-ана қамауға алынған. 

"Германиялық Кристиан Испанияның Овьедо қаласында жұбайымен 2021 жылы көшіп келіп, баспана жалдаған. Үйдің қақпасы үнемі жабық болған. Көпбалалы отбасыға азық-түлікті курьерлер жеткізіп отырған. Көршілерінің бірі полицияға хабарласып, біртүрлі көршісін тексеруді өтінген. Содан кейін бұл отбасыға сырттай бақылау орнатылды", - деп жазады басылым.

Полиция келгенде үй иелері оларға медициналық бетперде тағып, арақашықтықты сақтаған жағдайда ғана үйге кіргізе алатындарын айтқан. Отағасы үйде бірнеше жыл бойы далаға шықпаған балалары барын айтқан.