Оралда көпқабатты үйде өрт шығып, 9 адам эвакуацияланды

  • AstanaTV
  • 05 мамыр 2025

Орал қаласының Циолковский көшесінде орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің жертөлесінде өрт шықты, деп хабарлайды inbsuiness.kz сайты.

Белгілі болғандай, 7 шаршы метр алаңда жеке заттар, қоқыс және ескі жиһаз өртенген.

– Құтқарушылар өртті жедел түрде сөндірді. Қалың түтіннің салдарынан жоғары қабаттардан қауіпсіздік мақсатында құтқарушылар 9 тұрғынды, оның ішінде 2 баланы эвакуациялады, – делінген ақпаратта.

Зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің себебі анықталып жатыр.