Шымкент тұрғыны вагон сүйреуден рекорд жаңартты

Шымкенттік спортшы  рекорд жаңартты. Пауэрлифтингтен спорт шебері  Артық Досалиев бұл жолы вагон сүйреуден ерекшеленді. 52 жастағы спортшы жүк пойызының салмағы 120 тонналық 5 вагонын сүйреп, жылжытуға шешім қабылдаған. Рекорд жаңартуға ол 1 жыл бойы дайындалғанын айтады. Спортшы жүк пойызының ваондарын 20 метрге дейін сүреуге ниеттенген. Нәтижесінде 21 метрден асырып тоқтады.

АРТЫҚ ДОСАЛИЕВ, ПАУЭРЛИФТИНГТЕН СПОРТ ШЕБЕРІ, РЕКОРДШЫ:

Ендігі жылға да осындай Жеңістердің қарсаңында 6,7,10 -20 вагонға деуір сүйреуге ниеттеніп отырмын. Алдымызда тағы грузавой боингтар сүйрейміз. Ақтауға барып танкер сүйрейміз. 


Қазақстандағы рекордтар кітабының ресми өкілі пойыз вагонын сүйреп , көзге түсу дерегі бұған дейін елімізде тіркелгенін жеткізді. Бірақ бұл жолы Артық Сапарәліұлының артықшылығы қатарынан 5 вагон және 120 тоннаға жеткізуі,  яғни вагон саны мен салмағы жағынан да артық дейді.

БАҚЫТЖАН СӘБИТҰЛЫ, ҚАЗАҚСТАН РЕКОРДТАР КІТАБЫНЫҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

21 метр 40 см-ге дейін тартты. Салмағы, жалпы салмағы - 120 тонна. Рекордсменге осындай сертификат береміз. Бұл сертификат осы рекордты орнатты деп растайды. Және кітабымыз екі жылда 1 рет шығады, сол кітапқа енеді.