«Менің арманым». Осындай атаумен әлеуметтік маңызы бар жобаларға ұлттық байқау жарияланды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтылды. Мақсат - Елбасының "Болашаққа бағдар - рухани жаңғыру" мақаласында көтерілген идеяларды іске асыру.
Байқауға мұрындық болған - «SUCCESS K» стратегиялық коммуникациялар агенттігі. Ұлттық Байқаудың бас жүлдесі 5 миллион теңгені құрайды. Байқауға 14 пен 29 жас арасындағы қазақстандықтар өтініш бере алады. Қатысушылардан өтінімдер 20 шілде мен 1 кыркүйек аралығында қабылданады. Ол үшін байқаудың ресми сайтына беріледі.
Болатбек Абдрасилов, ҚР Білім және ғылым министрлігі ғылым комитетінің төрағасы:
Бұл конкурстың негізгі мақсаты Қазақстан жастарының әлеуметтік белсенділігін, сыни ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін өткізіледі.