«Ол – жанымның тыныштығы»: Қайрат Нұртастың әйелі жұртты ойға қалдырды

  • AstanaTV
  • 12 мамыр 2025
Фото: instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

Әнші Қайрат Нұртастың жұбайы, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова желіде жазба жариялап, жұртты ойға қалдырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Актриса жазбасында Аналар күніне орай өлең оқып, жылы сөздерін айтты.

«Ана – жарық өмірдің алғашқы шуағы,
Баланың ең алғашқы пана тұтар аспаны.
Ол – жанның тыныштығы, жүректің шуағы. Оның алақанында бүкіл әлемнің жылулығы сезіледі», - деді әншінің жұбайы.

Ол жазбасының астына мынадай бір шумақ өлең қалдырды:

«Аялайық, Ана деген асылды,
Біздер үшін шуақ болып шашылды.
Құрметтей біл перзентісің сен оның,
Ана арқылы өмірге есік ашылды!» - деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова.