Русский Сайттың толық нұсқасы

Пара дзюдодан Қазақстан ерлер құрамасы әлем чемпионатында жеңіске жетті

  • AstanaTV
  • 15 мамыр 2025
  • 202

Астанада өткен IBSA Judo World Championships жарысында Қазақстанның ерлер құрамасы тарихи жетістікке қол жеткізді, деп хабарлайды Qazsport.

Финалда отандастарымыз Бразилия құрамасын 4:3 есебімен жеңіп, әлем чемпионатының алтын жүлдесін иеленді.

Финалдық белдесу аса тартысты өтті. Соңғы кездесуде Жұрқамырза Шүкірбеков Паралимпиаданың қола жүлдегері Марсело Касановадан басым түсіп, шешуші жеңісті сыйлады.

Ширек финалда – Моңғолияны 4:1 есебімен, жартылай финалда – Грузияны 4:2 есебімен және финалда – Бразилияны 4:3 есебімен жеңді.