Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырау облысында ер адам бес жыл бойы өгей қызын азғырып келген

  • AstanaTV
  • 18 мамыр 2025
  • 169

Атырау облысы Еркінқала ауылында 43 жастағы ер адам бес жыл бойы өзінің 12 жастағы өгей қызына азғындық әрекеттер жасаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Зорлық-зомбылықтың құрбаны болған қыз 17 жасқа дейін бұл жайында ешкімге тіс жармаған. Тек кейінірек батылдық танытып, бар шындықты туысына айтып берген.

Atyrau Online Telegram-каналының хабарлауынша, қорлық 2018 жылы қыздың анасы перзентханаға кіші баласын босануға кеткенде басталған.