Русский Сайттың толық нұсқасы

Нью-Йоркте мексикалық кеме көпірге соғылды: Зардап шеккендер мен құрбандар бар

  • AstanaTV
  • 19 мамыр 2025
  • 116
Фото: Copyright 2025 The Associated Press

277 жолаушысы бар Мексиканың "Куаутемок" әскери-теңіз күштерінің кемесі Нью-Йорктегі Бруклин көпіріне соғылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

BBC келтірген мәліметке сәйкес 2 адам мерт болып, 19 адам жарақат алған.

Әлеуметтік желіге жүктелген видеодан 147 футтық кеме мачталары көпірдің астынан емін-еркін өтуге тым биік екені көрініп тұр.

БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, Американың 2026 жылдығын тойлау үшін кеме Нью-Йоркке 2026 жылдың шілдесінде қайтуы керек болатын.

Осы оқиғадан соң Нью-Йорктің полиция басқармасы Х әлеуметтік желісінде азаматтарға тергеу, төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары жүріп жатуы себепті Бруклин көпірінен аулақ болуға шақырды.

Бруклин көпіріндегі жолдың барлық жолақтарында қозғалыс тоқтаған.