Русский Сайттың толық нұсқасы

Президент бейресми саммитке қатысу үшін Мажарстанға барады

  • AstanaTV
  • 19 мамыр 2025
  • 357

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 20-21 мамыр күндері Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысу үшін Мажарстанға барады

Естеріңізге сала кетейік, түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) бейресми саммиті — түркітілдес елдер басшыларының бейресми форматтағы кездесуі. Бұл саммиттерде ұйымға мүше мемлекеттердің көшбасшылары бірлескен жобалар мен бастамаларды талқылап, өзара ынтымақтастықты нығайту жолдарын қарастырады.

2025 жылы 20-21 мамырда Мажарстан астанасы Будапешт қаласында өтетін бейресми саммитке Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысады. Мажарстан — ТМҰ-да бақылаушы мәртебесіне ие ел. Бұл саммит Қазақстан мен Мажарстан арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайтып, түркі интеграциясының одан әрі дамуына серпін беруі мүмкін.