Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда ата-анамнан қорлық көрдім деген 19 жастағы қыз үйіндегілерге айтпай із-түссіз кетіп қалған

  • 19 мамыр 2025
  • 146

"Қылғындырып, күш көрсетті". Атырауда  ата-анамнан  қорлық көрдім деген 19 жастағы қыз  үйіндегілерге айтпай із-түссіз кетіп қалған.  Қызын таңға таяу таппай қалған туыстары полицияға хабарлап, жан-жақтан іздеуді бастады. Әлеуметтік желіде көпшілік мұны сан-саққа жүгіртіп әлек: бірі   бойжеткенді тұрмыс құрып кетті деп болжаса, бірі қаладағы самсаған бейнекамералар арқылы тезірек табылуына тілеулес боп жатыр. Бірақ көп ұзамай қыз баланың өзі әлеуметтік желіге дін-аман екенін хабарлап, бейнеүндеу жолдады. Айтуынша,  анасы мен өгей әкесінің  күш көрсеткеніне шыдай алмаған.  Осылайша басқа қалаға кетуге мәжбүр болғанын айтады. Қазір полиция бойжеткеннің  сөзінің растығын тексеріп жатыр.  

АТЫРАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Мен ешкімге айтпай өзім үйден шығып кеттім. Себебі  ата-анам маған күш көрсетіп, қылғындырған болатын. Мен ол нәрсеге шыдамай үйден шығып кеттім. Сендердің  комментарийге жазып жатқандарыңыз шындыққа мүлдем жанаспайды.  Себебі мені ешкім ұрлаған жоқ, алып кеткен жоқ. Менің - өзімнің таңдауым.  


МЕЙІРІМ ЕРДӘУЛЕТ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Хабарлама бойынша  жедел іздестіру  шаралары жүргізіліп, азаматшаның  Атыраудан басқа қалаға бет алғаны анықталды.  Сондай-ақ кейін азаматшаның өзінің  жоғалмағаны туралы және өз еркімен өзге қалаға кеткендігі туралы бейнежазасы жарияланды. Қазіргі таңда  оның жарияланымдарына қатысты тексеру жұмыстары жалғасуда.  Ал іздестіру жұмыстары тоқтатылды.