Сирия тақырыбы талқыланатын Астана процессі өз жұмысын жандандырды. Еліміздің сыртқы істер министрі Қайрат Абдрахманов, бұл жолы атыс-шабыстан ада аумақтар жайы талқыланады, деді. Интерфакстың хабарлауынша, кепіл елдерден бөлек, Иордания мен АҚШ-тың делегациялары, сондай-ақ ресми Дамаск пен оппозиция өкілдері төбе көрсеткен. Тараптар гуманитарлық көмек пен инфраструктуралық құрылымдарды қалпына келтіру жайында пікірлеседі. Әзірге бұл алдын ала кеңесу. Отырыстың негізгі бөлігі 5 шілдеде басталады.
Қайрат Абдрахманов, ҚР Сыртқы істер министрі:
Құжатты іске асыруда шекара мен кепіл елдерге қатысты өзге де мәселелер қамтылары сөзсіз. Деэскалацииялық аймақтардағы бақылау өткізу бекеттерін орнату да бар.