Русский Сайттың толық нұсқасы

Жолдағы жанжал: Астанада жүргізушілер 15 тәулікке қамалды

  • AstanaTV
  • 20 мамыр 2025
  • 186

Астанада жүргізушілер 15 тәулікке қамалды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Әлеуметтік желілерді мониторингтеу барысында полиция қызметкерлері Жұмабаев пен Айнакөл көшелерінің қиылысында екі жүргізуші арасында болған төбелесті анықтады.

Белгілі болғандай, Audi және Chevrolet Cobalt автокөліктерінің жүргізушілері арасында жолды бөлісе алмаудан кикілжің басталып, арты жұдырықтасуға ұласқан. Оқиғаға қатысушылар дереу ұсталды. Ұсақ бұзақылық бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Сот шешімімен әрбір құқық бұзушыға 15 тәулікке әкімшілік қамау жазасы тағайындалды.