Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде 15 жастағы бала суға батып кетті

  • AstanaTV
  • 23 мамыр 2025
  • 199

Мектеп оқушысының денесі Шалқар көлінен табылды. Ол тыйым салынған жерде суға шомылған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ақтөбе облысы Шалқар ауданындағы жедел-құтқару жасағы 15 жастағы жасөспірімнің денесін Шалқар көлінен шығарды.

"Қайғылы оқиға 22 мамыр күні сағат 17:00 шамасында болды. Жасөспірім шомылуға рұқсат етілмеген жерде суға батып кеткен. Іздеу жұмыстары дамба маңындағы аумақта жүргізілді. Мұндағы тереңдік 4-6 метр. Аталған жерде шомылуға тыйым салынғаны туралы белгі орнатылған",- деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.