Русский Сайттың толық нұсқасы

АҚШ билігінің шектеуі: Гарвардта оқып жатқан қазақстандық студенттердің жағдайы не болмақ?

  • AstanaTV
  • 28 мамыр 2025
  • 199

Жақында АҚШ билігі Гарвард университетіне шетелдік студенттерді оқытуға тыйым салған болатын. Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілі осы мәселеге қатысты сұраққа жауап берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Министрліктің баспасөз хатшысы Олжас Беркінбаевтің айтуынша, бүгінде жеті Қазақстан азаматы Гарвардта "Болашақ" бағдарламасы бойынша білім алып жатыр.

– Гарвард университетіне қатысты бізге сауалдар түсуде. Бүгінгі таңда «Болашақ» бағдарламасы бойынша Гарвардта 7 адам білім алуда. Басқа бағдарламалар немесе өз қаражатына оқып жатқан студенттер туралы мәлімет бізде жоқ. Мұндай жағдайлар бойынша тиісті сұраулар жолданатын болады, – деп жауап берді.