Русский Сайттың толық нұсқасы

Катар экономикалық блокадаға дайын

  • AstanaTV
  • 10 шілде 2017
  • 2933

Катар орталық банкі кез-келген экономикалық қысымына төтеп бере алады. Ведомство осындай мәлімдеме таратты. Қазір ондағы қорда жинақталған қаражат көлемі 340 миллиард доллар көлемінде. Бұл туралы Рейтерс хабарлайды. Банк басшысы Абдул бин Сауд Аль-Тани кез-келген жағдайға дайынбыз деп сендірген. Айтуынша, елде бар 300 миллиард доллар алтын құймаларында сақтаулы. Қалған бөлігі АҚШ валютасында.

Еске салсақ, маусым айында бірқатар араб елдері Дохамен қарым-қатынасты үзді. Олар: Бахрейн, Сауд Арабиясы, Мысыр, Йемен, Араб Әмірліктері, Ливия, Маврики, Мальдив Республикасы, Мавритания мен Комор аралдары. Шешімдерін Катардың лаңкестерді қолдауымен түсіндіріп отыр. Кейін мемлекеттер Дохаға бірқатар міндеттер жүктеп, қарсы тарап оларды орындаудан үзілді-кесілді бас тартты.