Алматыда мұнара краны құлап, жұмысшы қаза тапты

  • AstanaTV
  • 03 маусым 2025
  • 226

Бүгін Алматыдағы құрылыс алаңдарының бірінде мұнара краны құлап, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Қайғылы оқиға Сәтпаев көшесі, 90/2 мекенжайында болған. Онда Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері және қаланың өзара іс-қимыл қызметтері жіберілген.

Оқиғаға қатысты полиция BAQ.KZ тілшісіне түсініктеме берді.

Бүгін шамамен сағат 16:00-де құрылыс жұмыстары кезінде мұнаралы кран құлады. Оқиға салдарынан кран операторы қаза тапты.

Аталған дерек бойынша Бостандық аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады, – деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаменті.

Басқа да мән-жайлары анықталуда.