Павлодарда Ақшиман ауылының халқы ауыз судың сапасына шағымданды

Павлодарда Ақшиман ауылының халқы ауыз судың сапасына шағымданды. Айтуларынша, орталықтандырылған суға сүзгі қойылмаған. Сол себепті суды ішу мүмкін емес. Іші ұсақ қоқысқа толы. Амалы таусылған тұрғындар үйлеріне сүзгі орнатқан.  Ең сорақысы  су құбырына сүзгі орнатуға қаражат бөлінсе де, мәселе 5 жылдан бері шешімін таппаған. Түйінді түйткілді әріптесім Өзгеріс Қуанар тарқатады. 

Май ауданына қарасты Ақши ауылында  67 түтін бар.  300-ге жуық адам тұрады. Ауылға орталықтандырылған су құбыры тартылғанмен, сүзгі орнатылмапты. Тұрғындар судың сапасы көңілден шықпайтынын айтады.

ҚАТИРА ҚАЙСИНА, АҚШИМАН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Мен өзім содан ішпеймін. Ана жақта водакачкамыз бар бұрынғы содан алып ішем. Тасып ішем. Оны жасыратыны жоқ. Ал кісілер үйдің ішіне фильтр қондырып алды. Сонымен ішіп жатыр. 


Шамасы жеткен тұрғындар үйлеріне сүзгі орнатқан. Бірақ, көпшілігі қондырғыны несиеге алыпты. Өйткені, сүзілмеген суды ішу мүмкін емес – дейді. 

ҚАЙРАТ СЕРҒАЗЫ, АҚШИМАН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Фильтр бізде жоқ. 2 жылдан аса 3 жыл болды фильтр жоқ. Судың ішінде шәйнектің іштерінде қақ бар ғой кәдімгі қақ болады. Су өзі нақты жақсы бірақта тазаланып келсе жақсы. Жә деген бетте бірінші басында жібергенде суыдың фильтрі бәрі болды. Шәйнектерге қақ тұрмайтын. Сосын фильтр кеткесін осы қалыпқа келдік.


Сүзгінің істен шыққанына 5 жылға таяу уақыт болған. Тек былтыр ғана аудан қазынасынан 5,4  млн. теңге бөлінген. Алайда, әлі күнге дейін қондырғы орнатылмапты.

МЕЙРАМБЕК ҚЫЗЫР, МАЙ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:


Өкінішке қарай, бұл мәселе әлі күнге дейін шешімін тапқан жоқ. Бұл экономиканың нақты сектор бөлімі және «Май-сервис» мекемесінің басшылығы. Бұл істі жүзеге асырамыз деп сендірген. Алайда, өзіңіз көріп отырғандай депутаттық топтың Ақшиман ауылына сапары барысында қайтадан осы істің аяқсыз қалғанын ешқандай жұмыстың атқарылмағанын көріп отырмыз. Сондықтан бұл мәселені алдағы мәслихаттың комиссия отырысында қарап, жауапты органдардан жауап алатын боламыз. 


Ал аудан әкімі қаражат бөлінгенімен, сүзгі орнатуға бірде бір мердігер құлшыныс танытпағанын жеткізді. Сол себепті қаражат былтыр игерілмей қалған. Биыл тағы да конкурс жарияламақ.

ҚАДЫЛЖАН СӘТИЕВ, МАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

Бұл проблема қалып қалды. Мен өзім шілде айында келіп, бұл қаражатты бәрін қарастырып, уақытында істей алмай қалды. Өйткені, мердігер шықпай қалды. Осы жылы бұл жұмыстарға тағы да қаражат бөлініп, қарастырып қазіргі таңда мына насос дейміз сорғы құрылғыларын сатып алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 


Аудан басшылығы су мәселесін биылдан қалмай шешіміз - деді. Ал су жинауға арналған қойманың құлап қалған қоршауын да қалпына келтіреміз – деп сендіріп отыр.