Павлодарда 100-ден астам ту ілінді

Павлодарда рәміздер күні қарсаңында 100-ден астам ту ілінді. "AMANAT" партиясы облыстық филиалы "Жастар рухы" жастар қанатының белсенділері көпқабатты үйлер мен мекемелердің балкондарын көк тумен көмкерді. Мақсат- жастардың рухын оятып, қала тұрғындарын мемлекеттік рәміздерімізді құрметтетін арттыру. Ту ілу шарасы дәстүрлі түрде ұйымдастырылады.  Жыл сайын жастар 4 маусымда көк туымызды желбіретіп, қала көркіне сән беруді әдетке айналдырды. 

МЕРҒАЛИ ЖҮСІП, "ЖАСТАР РУХЫ" ЖҚ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Біздің ту ілудегі мақсатымыз халқымызға жүрегіне патриоттық рухы ұялату, жастарға үлгі болу. Барлық Қазақстан халқын ұлттық рәміздерді құрметтеуге шақыру болып табылады.


Шара Ақтауда да жалғасты. Көпқабатты үйлердің тұрғындары балкондарына көк туымызды ілді. Ал "Жастар рухы" жастар қанатының белсенділері студенттермен бірге "Ақбота" саябағындағы шолу дөңгелегінің кабиналарын ел рәміздерімен көмкерді. 

АБЗАЛ МАРАТ, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Біздің негізгі мақсатымыз- жастарға патриоттық тәрбие беру, қала тұрғындарына, облыс қонақтарына мерекелік көңіл-күй сыйлау.