Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде 14 жастағы баланы автобус қағып кетті

  • 04 маусым 2025
  • 127

Ақтөбеде жүргінші жолағымен өтіп бара жатқан оқушыны автобус қағып кетті. Жасөспірім  ауыр жарақат алып, қазір ауруханада жатыр. Бала көше қиылысындағы жүргінші жолынан велосипедпен  өтіп бара жатқанда қоғамдық көлік қаққан.  Үш күн жансақтау бөлімінде жатып, бүгін палатаға шығарылды дейді дәрігерлер. Жақындары жол апатына кінәлілердің жазалануын талап етуде. 

ҚОЖАХМЕТ САРҚҰЛОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
 

Автобус қызыл светофордан өтіп бара жатқан баламды тапап өтті. Тапа тал түсте. Қазір қиын жағдайда жатыр. Өте халі ауыр, Басы жарылып басының сүйегі ашылып кеткен. Тоғыз қабырғасы сынған. Үсті басынан дым жоқ.  


33 жастағы автобус жүргізушінің  еңбек өтілі -сегіз жыл. Автопарк мекемесінде 2 жылдан бері жұмыс істеген. Бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Жүргізуші уақытша жұмыстан шеттелген. 

АҚАРЫС ТІЛЕУЛЕСОВ, «АВТОПАРК» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

Уақытша мына тергеу амалы біткенше, қорытыңды шыққанша жұмыстан шеттелді. Ішкі камерадан қарадық автобустың 55 километр сағатына жүрген. –допустимый жылдамдық па? Шамалы көтерілген. Қиылыста қырық қой.