Былтыр Қазақстанның ТМД елдерімен тауар айналымы 37 млрд доллардан асты

Былтыр Қазақстанның ТМД елдерімен тауар айналымы 37 млрд доллардан асты. Бұл туралы Душанбеде өткен ТМД ұйымына мүше елдер үкіметтері басшылары кеңесінің отырысында айтылды. Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстанның ұйымды одан әрі дамытуға әрі оның әлеуетін нығайтуға жәрдемдесуге ниетті екенін атап өтті. Шағын және кеңейтілген құрамда сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту, ауыр және жеңіл өнеркәсіп саласындағы өзара іс-қимыл, авиациялық қатынас мәселелері қаралды. Кеңес жұмысы аясында Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның ТМД ұйымына мүше елдер делегацияларының басшыларымен ұжымдық кездесуі өтті.