Алматы қаласының Бостандық ауданында мобильді қоғамдық қабылдау өтті. Іс-шара «AMANAT» партиясының «Құқықтық көмек» және «Халыққа көмек» жобалары аясында ұйымдастырылды. Тұрғындарды қабылдауға мемлекеттік органдардың өкілдері, мәслихат депутаттары, құқық қорғау органдары мен медициналық мекемелердің мамандары, сондай-ақ Мансап орталығының қызметкерлері қатысты. Азаматтар денсаулық сақтау, әлеуметтік қолдау, жұмысқа орналасу, құқықтық кеңес және қоғамдық қауіпсіздік мәселелері бойынша сұрақтарын қойып, білікті кеңес алды. Шараның мақсаты- халықпен кері байланыс орнатып, әлеуметтік мәселелерді жедел шешу, мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыру.
ҚУАНЫШ ТӨЛЕПОВ, “AMANAT” ПАРТИЯСЫ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Жыл басынан бері бізде 1300-ден астам азамат өтініш білдірген. Оның 57% ы бізде қазіргі күнде оң шешілді. Қалған 43% на түсініктеме жұмыстары жүргізілді. Түсініктеме берілді.