Бұқтырма су қоймасында екі бала құтқарылды

  • AstanaTV
  • 06 маусым 2025
  • 228

ШҚО Алтай ауданы Бұқтырма су қоймасында кәмелетке толмағандардың қатысуымен оқиға орын алды: SUP-бордта сырғанау кезінде екі баланы қатты жел мен ағыс жағадан алып кетті.

Балалардың ата-аналары құтқарушылардың көмегіне жүгінді. Оқиға орнына жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жедел шықты.

Құтқарушылар балаларды моторлы қайықтың көмегімен аман-есен жағаға жеткізді. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ. Тексерістен кейін балалар ата-аналарына берілді.