Русский Сайттың толық нұсқасы

Қылмыстық топ қазақстандықтардың жеке деректерін сатқан

  • 09 маусым 2025
  • 116

Елімізде қазақстандықтардың жеке деректерін сатумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды. Олар- барлығы 140 тан астам адам, өзара сыбайласып азаматтардың жеке мәліметтерін ғаламторда сатқан. Қылмыскерлерді ішкі істер министрлігінің киберқылмысқа қарсы іс- қимыл департаменті Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесе отырып әшкереледі. Күдіктілер ақпараттарды мемлекеттік базалардан заңсыз алып, Telegram арқылы таратқан және кейбір коллекторлық компанияларға берген. Ұсталғандардың арасында компания иелері, арна әкімшілері де бар.Қазіргі уақытта 5 күдікті қамалды. Тінту барысында 400 ден астам компьютерлік және электрондық техника тәркіленді. 

ЖАНДОС СҮЙІНБАЙ, ҚР ІІМ КИБЕРҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ ІС- ҚИМЫЛ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ:

Қылмыстық кодекстің 205-бабы 3-бөлігі (ақпараттық жүйеге заңсыз қол жеткізу), 147-бабы 5-бөлігі (жеке өмірге қол сұғу және жеке деректер туралы заңнаманы бұзу), сондай-ақ 211-бабы 3-бөлігі (шектеулі электрондық ақпараттық ресурстарды заңсыз тарату) бойынша қылмыстық істер қозғалды.