Жыл басынан бері психологиялық қолдау орталықтарына келушілердің саны 20 мыңға жуықтады. Оның басым көпшілігі – жасөспірім. Мектеп жасындағыларды ең көп мазалайтыны – құрбы-құрдастары және ата-анасымен арасындағы қарым-қатынас. Зерртеулерге сәйкес, жасөспірімдердің өзіне-өзі қол салуына да әлімжеттік ерекше ықпал етеді. Бүгінде қандай да бір зәбір көрген жеткіншектер 111 байланыс орталығына шағымдана алады. Сонымен қатар білім ордаларында орналасқан сенім жәшіктеріне хабарламаларын тастауға мүмкіндіктері бар. Прокуратура өкілдері өз кезегінде апта сайын оқушылармен түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.
ЕРЖАН БАЙДӘУЛЕТ, САРАЙШЫҚ АУДАНЫ ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету прокуратура органдарының басым бағыттарының бірі. Балалар үшін қауіпсіз орта қалыптастыру бір ведомствоның міндеті емес, бұл бүкіл қоғамның міндеті. Егер шын мәнінде өзгерісті қаласақ, жастармен олардың тілінде сөйлесіп, бір-бірімізді естуге тырысуымыз керек.