Ең көп оқылатын 100 кітапты анықтауға арналған жалпыұлттық сауалнама жалғасуда

Елімізде ең көп оқылатын 100 кітапты анықтауға арналған жалпыұлттық сауалнама жалғасып жатыр. Бүгінге дейін оған 16 мыңнан аса адам қатысқан. Дауыс беру 23 шілдеде аяқталады. Әр адам eGov порталы арқылы сүйікті кітабын ұсынады. Жеңімпаз 100 туынды 10 тамызда, яғни Абай күнінде жарияланады. Жоба биыл Ұлттық құрылтайда айтылып, оған Мемлекет басшысы қолдау білдірген. Қазір жобаға қатысушыларды ынталандыру жұмыстары жүріп жатыр. Астанада 9, 10 және 16 мыңыншы дауыс берушілерге сый-сияпат табысталды. Мәжіліс депутаты Айдос Сарым жоба әдебиетке тұрақты талғам қалыптастырудың бір жолы екенін айтты. Сондай-ақ бастама арқылы халыққа қажетті туындылар анықталатынын жеткізді. 

АЙДОС САРЫМ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Бұл жалпыұлттық дәрежедегі үлкен тізім болмақ, бұл – бір. Екіншіден, сөзсіз, біздің баспагерлерге кітап индустриясы үшін қажетті ілім деп есептеймін. Себебі, мына кітаптарды қайтсе де жұрт оқиды екен. Бұл азаматтарға, біздің Қазақстан оқырмандарына қызық дүниелер екен деп өзінің жұмысын жоспарлауға. Мінекей, қазір енді кітап дүкенінде тұрмыз ғой, қашан келсеңізде «Абай жолы» сатылымда жоқ. Себебі, әр қазақ өзінің үйінде «Абай жолының» тұрғанын қалайды. Сол сияқты сигнал беру.