Таразда жалаңаш ер адам көше кезіп жүрген: полиция түсініктеме берді

  • AstanaTV
  • 10 маусым 2025
  • 175

Тараз қаласында тыр жалаңаш жүрген ер адам тұрғындарды таңғалдырды. Оқиға туралы Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Telegram-арналарда жарияланған бейнежазбаларда жалаңаш ер адамның ескі қалалық аурухана маңында еркін серуендеп жүргені түсірілген. Оны бірнеше куәгер байқап, видеоға түсірген.

Жамбыл облысы полиция департаменті оқиғаға қатысты ресми мәлімдеме жасады. Ведомствоның хабарлауынша, құқық бұзушының жеке тұлғасы анықталған.

«Полиция қызметкерлері 35 жастағы ер адамды анықтады. Ол алкогольдік мас күйде болған. Аталған азамат Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығына жеткізілді», – делінген ресми хабарламада.