Павлодарда астан ұшынғандар саны артты. 50-ге жуық адам дәрігер көмегіне жүгінген.  Өзін жайсыз сезінген  той қонақтары  күн санап көбейіп барады. Естеріңізге салайық, қыз ұзату тойына барған 34 адам ұшынып қалған болатын. Оның 20-сы  ауруханаға жатқызылып, 14-і амбулаторлық емдеуге жіберілді. Өңірдің денсаулық сақтау басқармасы таратқан ақпарат бойынша  ауруханаға жатқызылған науқастар саны 25-ке жетті.  Полиция іс қозғады.
 ЖАННА БІЛӘЛОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Павлодар қаласындағы кафелердің бірінде улану фактісі бойынша Павлодар облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тексеруді бастады, оның нәтижелері бойынша полиция іс жүргізу шешімін қабылдайды. Болған оқиғаның мән-жайы анықталуда.