Ақмола облысында қайтарылған активтер қаражаты есебінен салынған медициналық мекемелер пайдалануға берілді

  • AstanaTV
  • 11 маусым 2025
  • 270

Ақмола облысында қайтарылған заңсыз активтер қаражаты есебінен екі жаңа медициналық мекеме салынды. Аршалы ауданы Арнасай ауылында дәрігерлік амбулатория, ал Бұланды ауданы Алтынды ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт халық игілігіне берілді. Жобаға Арнаулы мемлекеттік қордан 295 миллион теңге бөлінген. Медициналық нысандар заманауи құрылғылармен жабдықталған және 3 мыңға жуық ауыл тұрғынына алғашқы медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.