Астанада Конституцияның 30 жылдығына орай құқықтық форум өтті

Астанада құқықтық форум өтті. Шара  Конституцияның 30 жылдығына арналды. Жиын конституциялық жаңғыртудың негізгі аспектілерін, елдің саяси құқықтық жүйесіне әсерін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау механизмдерін жетілдіруді көздеді. Шараға мемлекеттік органдардың, парламенттің, ғылыми қауымдастықтың өкілдері, сондай-ақ Германия, Италия, Ресей және Өзбекстаннан келген сарапшылар қатысты. Қатысушылар заңның заман талабына сай болуы керектігін баса айтты.

БОЛАТ СЫЗДЫҚ, ҚР ЗАҢНАМА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ АҚПАРАТ ИНСТИТУТЫ ЛИНГВИСТИКА ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:


Бұл үздіксіз процесс және өзі бітпейтін процесс. Біз ойлап қалуымыз мүмкін Қазақстанда ғана заң жобаларында қателік шығып жатуы мүмкін. тілдік түсінбеушілік шығып жатуы мүмкін. Бұл орыс тіліндегі заңдарға да қатысты, Ресейдің заңдарына да қатысты. Бүкіл Еуропаның заңдарына қатысты. Американың, бүкіл әлемде де заңдарға қатысты. Бұл XXI-XX ғасырдың проблемасы емес. Бұл XIX-XVIII ғасырда да белгілі мәселе.