Астанада екі көше жөндеу жұмыстарына жабылады

  • AstanaTV
  • 15 маусым 2025
  • 202

Астанада Достық пен Д.Қонаев көшелері бойында жол төсеміне орташа жөндеу жүргізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты мәлімдеді.

Осыған байланысты, 14-19 маусым аралығында көлік қозғалысы толығымен жабылатын болады. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, мүмкін болатын өзгерістерді ескеруі қажет, - делінген хабарламада.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады.