Алматы маңында Toyota Land Cruiser жүк пойызымен соқтығысты

  • AstanaTV
  • 16 маусым 2025

Алматы облысы маңындағы Жіңішкесу – Шелек аралығының (Жетіген-Алтынкөл учаскесі) реттелетін, қорғалмайтын теміржол өткелінде Toyota Land Cruiser маркалы көлік жол қозғалысы ережесін бұзып, жүк пойызымен соқтығысты.

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше қаза тапқандар жоқ. Жарақат алған жүргізушіге медициналық көмек көрсетілген.

Теміржолшылар жедел қалпына келтіріп, пойыз қозғалысы 30 минутқа кешіккен.

Жыл басынан бері автокөлік жүргізушілерінің жол жүру ережелерін бұзуынан теміржол өткелдерінде 23 жол-көлік оқиғасы орын алса, локомотив бригадаларының кәсібилігі, қырағылығы мен жоғары жауапкершілігі арқасында теміржол өткелдерінде 32 ықтимал жол апатының алдын алған.

ҚТЖ жүргізушілерді жол ережелерін сақтауға және темір жолдарды кесіп өту кезінде аса сақ болуға шақырады.