16-18 маусым аралығында Қазақстан астанасында "Орталық Азия – Қытай" халықаралық форумы өтеді. Осыған байланысты Астанада жол қозғалысы схемасы уақытша өзгереді, бұл әуежайға баратын жолдың қолжетімділігіне әсер етуі мүмкін, -деп хабарлады Халықаралық әуежайдың баспасөз қызметі.
Мəңгілік Ел даңғылына дейінгі (Қабанбай батыр көшесі бойымен) аралықта көлік қозғалысы қиындауы мүмкін.
Осы кезеңде рейстер кестесінде өзгерістер болуы мүмкін.
Жолаушыларға кешікпеу және қолайсыздықтарға ұшырамау үшін әуе компанияларыңыздан нақты ақпаратты алдын ала анықтап алуға, мүмкін болатын шектеулерді ескере отырып, әуежайға барар сапарды мүмкіндігінше ертерек жоспарлауды, балама маршруттарды таңдауға кеңес берді.
Сондай-ақ, түсіністік танытқандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз және сәтті сапар тілейміз! – делінген хабарламада.