Қазақстан мен Қытай Қарағандыда көмір химия зауытын салу жобасын талқылады

  • AstanaTV
  • 16 маусым 2025
  • 268

Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Shandong Energy Group Co. басқарма төрағасы Ли Вэй Қазақстанда көмірден газ өндіретін көмір химия зауытын салу жобасын талқылады. Қарағанды облысында жүзеге асатын бұл жоба жылына 2 млрд текше метр газ өндіруге мүмкіндік береді. Жоба экономиканы әртараптандыруға, жаңа технологияларды дамытуға және экспорттық әлеуетті арттыруға бағытталған. Тараптар ынтымақтастықты нығайтуға және сындарлы диалогты жалғастыруға ниетті.