Үш банк ипотекаға өтінім қабылдауды тоқтатты

  • AstanaTV
  • 16 маусым 2025

Қазақстандағы бірқатар ірі екінші деңгейлі банктер қайталама нарықтағы тұрғын үйге ипотека беру процесін уақытша тоқтатты.

Өтінім қабылдауды тоқтатқан банктер:

 • Halyk Bank

 • Банк ЦентрКредит

 • Freedom Bank Kazakhstan

Қазіргі уақытта бұл қаржы ұйымдары тек бастапқы нарықтағы тұрғын үйлерге ипотека беруді жалғастыруда. Алайда, несие тек жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (ЖТСМ) 20%-дан аспайтын арнайы серіктес құрылыс компанияларының нысандарына ғана беріледі.

Шектеудің нақты қанша уақытқа созылатыны әзірге белгісіз.