Қарағанды қаласында әкелер форумы өтті

  • AstanaTV
  • 16 маусым 2025

Қарағандыда облыстық әкелер форумы өтті. Шараны «AMANAT» партиясының Қарағанды облыстық филиалы ұйымдастырды. Жиынға аймақтың ең үлгілі әкелері қатысты. Олар- барлығы 3 жүзден астам белсенді азамат, араларында педагогтар, әскери қызметкерлер, қоғамдық қайраткерлер, кәсіпкерлер мен спортшылар бар. Қатысушылар отбасы институтын нығайту, әкенің рөлін арттыру, ер азаматттардың жауапкершілігін күшейту тақырыптарын талқылады. Сондай- ақ интернеттегі агрессия мен нашақорлыққа қарсы іс‑шараларды нақтылады. Балалармен сенімді қарым- қатынас құрудағы өз тәжірибелерімен бөлісті.  

БЕКЗАТ АЛТЫНБЕКОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

«Amanat»» партиясы жанындағы Жастар рухымен бірлесе отырып «Әке аманаты» деп арнайы кеңес өткізіп отырмыз. Бұл кеңестің басты мақсаты- әке ретінде, ел ағасы ретінде өзінің ойын айтып, ұрпақ тәрбиесіне ерекше жауапкершілікпен қарап жүрген азаматтарымызбен кеңесе отырып оларға арнайы өзіміздің ықылас құрметімізді көрсету.